Тамақтанудың ойлау мен көңіл күйге әсері



    • Тамақтанудың ойлау мен көңіл күйге әсері

      2025 жылғы 30 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 2 курс студенттері Менталды денсаулықты дамыту орталығының диетологы Алмагүл Ержекеновамен кездесті.

      Кездесу барысында диетолог тамақтанудың ми қызметіне, есте сақтауға, көңіл күйге және оқу үлгеріміне тигізетін әсері туралы жан-жақты ақпарат берді. Экзамен кезінде дұрыс және уақытылы тамақтанудың маңызына ерекше назар аударылды.

      Спикер студенттерге энергетикалық сусындар мен фастфудтың зияны, сондай-ақ оларды алмастыратын пайдалы өнімдер туралы түсіндіріп, күнделікті мәзірге пайдалы әдеттерді енгізу бойынша кеңестер берді.

      Кездесу студенттер үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың дене және психикалық саулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені анық.

      Бөлісу: