Өмір сапасы – өз қолыңда



    • Өмір сапасы – өз қолыңда

      Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Healthy Life» және «Qyz Zhibek» ұйымдарының бастамасымен Алмалы комьюнити орталығында «Салауатты өмір – саналы таңдау» атты танымдық іс-шара өткізілді.

      Бұл шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, денсаулықтың маңыздылығын арттыруға бағытталды.

      Іс-шараның арнайы қонағы – Менталды денсаулықты дамыту орталығының білікті диетологы, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты саласының маманы Алмагүл Ержекенова болды. Ол қатысушыларға теңгерімді тамақтанудың негізгі қағидалары, артық салмақтың алдын алу жолдары және спорттың ағзаға тигізетін оң әсері туралы кең көлемде ақпарат берді.

      Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Сонымен қатар Алмагүл Ержекенова пайдалы тағамдарды қалай дұрыс үйлестіруге болатыны, зиянды әдеттерден арылу жолдары, психикалық саулықты сақтау және өмір сапасын арттыруға қатысты маңызды кеңестермен бөлісті.

      Бөлісу: