QyzPU-да эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренинг өтті
-
09 желтоқсан, 2024
6 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Физика, математика және цифрлық технологиялар институты мен Тұлға қалыптастыру департаментінің Менталды денсаулықты дамыту орталығының мамандары студенттерге арналған «Мен және әлем: үйлесім формуласы» тақырыбында эмоционалды интеллектті дамытуға арналған психологиялық тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды эмоцияларды басқару, стресстік жағдайларды тиімді жеңу және психологиялық тұрақтылықты нығайту дағдыларына үйрету. Эмоцияларды басқару және стресспен күресу қабілеті адамның жалпы өмір сапасы мен психологиялық денсаулығына тікелей әсер етеді.
Тренингті психология ғылымдарының докторы, профессор, психотерапевт Каримова Раушан Бейдәліқызы және доцент, коуч-психолог Құсайынова Мәншүк Асқарқызы жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар стресті жеңілдететін әдістермен танысып, оқу мотивациясын, өзіне деген сенімділікті арттырып, эмоциялық-ерік саласындағы дағдыларын қалыптастырды.
Тренингке Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының студенттері белсенді қатысты. Олар практикалық жаттығулар арқылы эмоционалды тұрақтылықты сақтаудың және стресске төзімділікті арттырудың тиімді тәсілдерін үйреніп, маңызды психологиялық дағдыларды игерді.
Бөлісу: