ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ: ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН КУРС



    • ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ: ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН КУРС

      Цифрлық азаматтық-жауапты, жан-жақты және қоғам өміріне белсенді қатысатын азаматты қалыптастыруға бағытталған жаһандық азаматтық рухындағы (GCED) білім берудің маңызды бөлігі. GCED БҰҰ жариялаған тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді, әсіресе осы мақсаттарға жету үшін сапалы білім беруді, теңдікті және серіктестікті қолдайды.

      Студенттерде жаһандық қоғамның белсенді және жауапты мүшелері болуға көмектесетін білім мен дағдылардың негізін қалайтындықтан мұғалімдер ТДМ-ын іске асыруда шешуші рөл атқарады. GCED-тің құрамдас бөлігі ретінде цифрлық азаматтық тәрбиешілерге технологияны оқытуға интеграциялау, цифрлық этиканы ілгерілету және сыни, сауатты және саналы азаматтарды тәрбиелеу құралдарын береді. 

      Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімінің басшысы Мария Кабышева ЮНЕСКО қолдауымен APCEIU ұйымдастырған жаһандық азаматтық рухында білім беру құзыреттілігін дамыту жөніндегі 9-шы жаһандық воркшопқа (GCED) қатысты.

      Воркшоп қорытындысы бойынша Мария Кабышева Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы, әріптесі Чандан Пал Синхпен бірлесіп, олардың жобасы грантқа ие болған Mentoring & Grant Programme тәлімгерлік және гранттық қолдау бағдарламасына қатысуға шақыру алды. Ол Чандан Пал Синхпен бірлесе отырып Алматы және Шымкент педагогтары үшін «Empowering Educators: Building Digital Citizenship in Kazakhstan's Classrooms» ("Мұғалімдерді күшейту: Қазақстан сыныптарында цифрлық азаматтықты қалыптастыру") атты алты апталық кәсіби даму бағдарламасын әзірледі.

      Жоба Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі цифрландырудың сын-тегеуріндеріне кешенді жауап ретінде жобаланған. Жобаның негізгі мақсаты - оқушылардың цифрлық мәдениетін және қауіпсіз онлайн-мінез-құлқын қалыптастыруға педагогтарды даярлау болып табылады.

      Алты апта ішінде курсқа қатысушылар дербес деректерді қорғау, жалған ақпаратпен жұмыс істеу, сыни ойлауды түсінуді жақсарту, жасанды интеллектті әңгімелесуші ретінде пайдалану дағдыларын дамыту және әдістемелік материалдарды әзірлеу туралы білімдерін жүйеледі. Бағдарламаның бір бөлігі цифрлық кеңістіктің этикалық аспектілерін, соның ішінде ЖИ-пен өзара әрекеттесуді зерттеу болды. Оқытушылар мен магистранттар ЖИ технологияларын қолдана отырып, білім беру ресурстарын әзірлеу бойынша жұмыс жасады. Курс соңында барлық бағдарламаны сәтті меңгерген қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

      Жобаның бірегейлігі білім беру ортасына кеңірек және ұзақ мерзімді әсер етуі үшін ең алдымен тәрбиешілердің өздерін даярлауға бағытталған. Бағдарлама мұғалімдерді оқушылардың цифрлық сауаттылығын қауіпсіз және саналы түрде дамыту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ете отырып, жергілікті қажеттіліктерге тікелей жауап береді.

      Жоба APCEIU қолдауымен жаһандық азаматтық білім беруді дамытудың халықаралық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

       

      Бөлісу: