Студенттермен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы талқыланды
-
09 қазан, 2024
QyzPU-да студенттер мен Менталды денсаулықты дамыту орталығының диетологы Алмагүл Ержекенова арасында маңызды кездесу өтті. Кездесу «Тамақтану компоненттері және олардың маңызы» тақырыбы аясында өрбіді.
Диетолог дұрыс тамақтанудың ережелері мен қағидалары туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, оның денсаулыққа тигізер пайдасын да атап өтті. Маман дұрыс тамақтанбаудың соңы жүрек-қан тамырлары ауруларына, гормоналдық және ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкелетінін ескертті.
Сарапшы сондай-ақ ағзаның күнделікті қоректік заттарға қажеттілігін қалай дұрыс қанағаттандыру керектігін айтып, белсенділікті және денсаулықты жоғары деңгейде ұстаудың маңыздылығына тоқталды. Алмагүл Ержекенованың айтуынша, дұрыс тамақтану – тек сәтті оқудың ғана емес, мықты денсаулықтың да кепілі.
Диетолог дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау– студенттерге иммунитетті нығайтуға және жалпы әл-ауқатын жақсартуға көмектесетініне сенімді.
Бөлісу: