QyzPU-да психологиялық тренинг өтті



    • QyzPU-да психологиялық тренинг өтті

      3 қазанда Менталды денсаулықты дамыту орталығы мен Жаратылыстану институтының ұйымдастыруымен «Студенттер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбы аясында психологиялық тренинг өткізілді.

      Тренингті психолог Әмірова Кәмшат Қарабекқызы жүргізді. Іс-шара барысында болашақ педагог студенттер сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өздерін таныстырып, жеке тұлғалары жайлы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, көптеген сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ашық жеткізді және өзара пікірталасқа түсті.

      Студенттерге тағдыр сынақтарын жеңіл қабылдау, мақсат қою және оны жүзеге асыру туралы тапсырмалар берілді. Олар аяқталмаған әңгімені жалғастыра отырып, адам бойында жақсы өмір сүру үшін қандай дағдылар қалыптастыру қажет екенін анықтады.

      Мотивациялық және өмірге құштарлықты арттыруға арналған әртүрлі әдістемелерді тәжірибеден өткізіп, оларды күнделікті өмірде қалай қолдану керектігін үйренді. Сонымен қатар студенттік өмірде уақытты тиімді басқарудың және жан-жақты дамуды басты мақсат етудің маңыздылығы арнайы техника арқылы түсіндірілді.

      Тренинг барысында студенттер сабақтан кейінгі шаршауды басуға арналған сергіту жаттығуларын орындап, тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасады.

      Бөлісу: