QyzPU студенттері «Қазақстан - бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвентіне қатысты



    • QyzPU студенттері «Қазақстан - бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвентіне қатысты

      Астана қаласы «ЕХРО» алаңында Жаңа адамдар жастар козғалысының ұйымдастырумен «Қазақстан - бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвенті өтті. Шараға қатысуға 15 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Нәтижесінде елордада еліміздің 20 өңірінен келген 8 мыңнан астам қатысушы бір-бірімен танысып, Қазақстандағы ең үздік азаматтық науқандарды таңдау үшін жиналды.

      Шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен 50 студент қатысты. Әр жан өзіне жақын дүниені таба алды: білім аймағы, ТикТок аймағы, үздіктер, би, streetart, музыка, гик мәдениеті және стиль аймақтары. Спорт сүйер қауымға футбол, күрес, streetball, skateboarding/bmx және workout аймақтары жұмыс жасады.

      Конвенттің басты ерекшелігі - жаңа таныстықтар. Берік көлденең байланыстар жасау үшін қатысушыларға достар «майнингіне» арналған бірегей мобильді қосымша және Конвенттің арнайы ішкі валютасы - DOS coin ұсынылды. Университеттің  белсенді қыздары осы кешке қатысып, жаңа достар тауып, керемет әсер алды.

      Конвентті Ninety One, Dequine, Aikyn, BONAPART және арнайы құпия қонақ  өнер керсеткен гала-концерті қорытындылады.

      Бөлісу: