QyzPU студенттері Қазан қаласындағы “Жазғы университет” жобасында



    • QyzPU студенттері Қазан қаласындағы “Жазғы университет” жобасында

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті  «Физика, математика және цифрлық технологиялар институты» физика кафедрасының бағдарлама көшбасшысы Сандибаева Назира Абдикадировна және «6В01505-Физика информатика» БББ студенттері Аязхан Акмарал, Оман Балжан, «6В05302-Физика» БББ студенттері Ермаханова Гульнар, Сағындық Алтынай, «6В01504-Физика» БББ студенті Аманкелді Зейнеп  Қазан Федералды университетінде өтіп жатқан  (Қазан, Татарстан) шетел студенттеріне арналған “Жазғы университет” жобасына қатысуда.

      Жазғы Университет- қарқынды академиялық және бай мәдени бағдарламаны қамтиды. Бұл жаңа білім беру тәжірибесін алудың, басқа елдердегі ойы зерек үздік студенттермен кездесіп тәжірибе алмасуға және жаңа білім алудың тамаша мүмкіндігі. «Жазғы университет» федералдық жобасы Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл шараға 23 елден 400-ден аса  қатысушы шақыртылған.  Шетелде білім беруді танытуға, тұлғааралық, мәдениетаралық және халықаралық байланыстарды орнатуға, елдер, ресейлік және шетелдік студенттер арасындағы байланыстарды дамытуға бағытталған.

      Бөлісу: