QyzPU-да Диссертациялық кеңес ашылды



    • QyzPU-да Диссертациялық кеңес ашылды

      Құрметті әріптестер, ғалымдар және ізденушілер! «Диссертациялық Кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №294 бұйрығына негізінде Университетіміздің «Диссертациялық кеңес» туралы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта бекітілді.

      Осы талаптарға сәйкес Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде келесі білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңес қайта  ашылғаны туралы хабарлаймыз.

      8D05301 – Химия (ғылыми бағыт), 8D01503 – Химия (педагогикалық бағыт)
      8D02301 – Филология
      8D01504 – Биология
      8D01703 – Шетел тілі: екі шет тілі

      Сонымен қатар,  университетімізде жаңадан «8D01502 – Информатика», «8D01505 – Математика»  білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңес ашылды.  Диссертациялық кеңес мүшелеріне сәттілік тілей отырып, ізденушілерді жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламалары бойынша диссертация қорғауға шақырамыз!

      Бұйрық №274

      Бөлісу: