QyzPU-да Рысбек Баймаханұлы атындағы оқу кабинеті ашылды



    • QyzPU-да Рысбек Баймаханұлы атындағы оқу кабинеті ашылды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимаратында Физика кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Рысбек Баймаханұлы атында кабинет ашылды. Сондай-ақ Рысбек Баймаханұлы атындағы атаулы стипендия тағайындалатын болды.

                                                        

      Рысбек Баймаханұлы - Қыздар университетінің ғана емес, еліміздің ғылымының өсіп өркендеуіне, іргелі ғылым салаларының дамуына 50 жылдан аса тынымсыз еңбек етіп, зор үлес қосқан, беделді де белгілі ғалым. Рысбек Баймаханұлы атындағы Физика кабинетінің ашылуы салтанатына Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай, Ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Закир Джумакулов, институт директоры, институт профессор-оқытушылары және ғалымның отбасы қатысты.

                                                                                 

      Профессор Рысбек Баймаханұлының отбасы демеушілік жасап, кабинетті материалдық тұрғыда жабдықтауға көмектесті. Кабинет Физика білім беру бағдарламаларында оқитын білім алушылардың зертханалық және оқу-әдістемелік сабақтарын өту үшін арналған. Ғалымның өмірбаяны, жасаған еңбектерін студенттер кабинетте тұрған QR код арқылы сканерлеп көрулеріне болады. Алдағы уақытта ғалымның ғылыми жолын жалғастыратын ізбасар шәкірттері табылады де сенім білдіреміз.

                                                         

      Сонымен қатар, ғалымның ұлы Айдар Баймаханұлы университеттің кабинет ашуына қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдіре отырып, профессор Рысбек Баймаханұлы атындағы атаулы шәкіртақы тағайындалатынын атап өтті.

                                                                                 

      Бөлісу: