QyzPU оқытушысы Қазақстанның жетекші университеттерінің үздік кандидаттарының бірі болды



    • QyzPU оқытушысы Қазақстанның жетекші университеттерінің үздік кандидаттарының бірі болды

      Министр Саясат Нұрбек Оңтүстік Кореяға сапары барысында Кенгидо провинциясының білім беру Кеңсесінің басшысы Им Тэ Химен білікті орыс тілді мұғалімдерге деген қажеттілік туындауына байланысты меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында қазақстандық оқытушылар шетелде бірегей жұмыс тәжірибесіне ие болып, кәсіби деңгейлері мен мәртебесін арттыратын болды.

      Барлық үміткерлер корей және ағылшын тілдерін біледі, тілді білу – Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесінде маңызды факторлардың бірі болды. Осы талапқа сай біздің университетімізден Филология институтының Шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының магистр, оқытушысы Сайдаева Баян Мухтарқызы конкурсқа қатысты. ҚР жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарынан жалпы 17 үміткерінің санына іріктеліп, Астанада Кенгидо провинциясының білім беру кеңсесі өкілдерінің қатысуымен өткен сұхбатқа таңдалған 10 үміткерлердің арасында өз шеберлігін көрсетті.

                                                      

      Қатаң іріктеу қорытындысы бойынша Сайдаева Баян Мухтарқызы, еліміздің жетекші университеттерінің 4 үздік кандидаттардың қатарына ілінді. Сондықтан да,  өз жұмысын бастау және халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға үлес қосу үшін 2024 жылдың 01 тамызынан бастап Оңтүстік Кореяға барады.

      Бұл жоба – мамандармен алмасу ғана емес, халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам. Бұл оқиға Қазақстанның әлемдік білім беру аренасындағы өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Ынтымақтастық шарттары бойынша Корей тарапы ұшу, тұру және оқытушылардың ай сайынғы жалақысын төлеу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады. Келісімшарттар ұзарту мүмкіндігімен бір оқу жылына жасалады, бұл жұмыс пен дамуға тұрақты жағдай жасайды.

                                                                                 

       

      Бөлісу: