QyzPU "ТОП-20" Қазақстанның жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде 8-орынға ие болды
-
19 маусым, 2024
"Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі" Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті - "ТОП-20" Қазақстанның жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде білім беру бағдарламаларын сандық саралау нәтижелері бойынша жоғары оқу орындары арасында 8-орынға ие болды.
Биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім беру бағдарламалары төмендегі нәтижелерге қол жеткізді. Университет келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүлделі орындарға ие:
Бакалавриат:
- 1 орын - 6b03201 Кітапхана ісі
- 1 орын-6b11102 Мәдени-тынығу жұмысы
- 1 орын – 6в01504 Физика
- 1 орын - 6в01601 Тарих
- 1 орын - 6в01402 Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
- 2 орын-6в01506 Информатика
- 2 орын - 6в01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- 2 орын - 6в01703 Орыс тілі мен әдебиеті
- 2 орын-6в01507 Химия
- 3 орын-6в01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
- 3 орын-6в01401 Музыкалық білім
- 3 орын - 6в02201 Тарих
- 3 орын-6b03101 Әлеуметтану
- 3 орын - 6в11401 Әлеуметтік жұмыс
- 3 орын-6в02102 Хореография
- 3 орын-6в01510 География
Магистратура:
- 1 орын-М001 Педагогика және психология
- 1 орын-М002 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
- 1 орын-м017 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдерді даярлау
- 2 орын-М021 Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау
- 2 орын-М066 Психология
- 3 орын-м006 Музыка педагогтарын даярлау
Докторантура:
- 2 орын-d014 Биология педагогтерін даярлау
- 2 орын-D060 Филология
Университет педагогикалық бағдарламалар мен педагогика және психология, физика, тарих, кітапхана ісі, мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары бойынша жақсы нәтижелер көрсетуде. Келесі жылы одан да жоғары деңгей көрсетіп, "Үздік 5"-ке кіруді жоспарлап отыр.
2014 жылдан бері аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Қазақстан Республикасының "Жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингін" өткізеді. Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі Берлин қағидаттары бойынша ашықтық, объективтілік, тексеру және кадрларды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын анықтауға бағытталған ақпарат көздерінің қолжетімділігін сақтауға негізделген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының ерекшеліктері мен әртүрлілігі ескеріледі. Рейтингтік зерттеулер Кадрлық деңгейлер мен бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау, білім беру қызметтерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі туралы қоғамға ақпарат беру, оқытушыларды тану және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Бөлісу: