QyzPU оқытушылары инклюзивті білім беру жайлы курс ұйымдастырды
-
17 маусым, 2024
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Хамзина Камеш Омаровна және арнайы педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Оразаева Гульжан Сериковна Шымкент қаласы Орталық Азия Инновациялық университетінің 432 профессор-оқытушылар құрамына «Инклюзия жағдайында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік қолдау» бағдарламасы бойынша 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курстың мақсаты: ЖОО оқытушыларының ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытудағы құзыреттілігін арттыру.
Инклюзивті оқытудың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алу құқығын іске асыру, оларды әлеуметтендіру, бейімдеу және қоғамға ықпалдастыру.
Біліктілікті арттыру курсында Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті процестердің даму тарихымен және тәжірибесімен таныстырып, университет жағдайында студенттермен жұмыс істеудің практикалық технологиялары талқыға салынады. Кедергісіз орта құру, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қыр-сырымен танысу, ерекше студенттермен жұмыс барысында кездесіп отыратын әр алуан жағдаяттарда әрекет етудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты талдау жүргізілуде.
Бөлісу: