QyzPU жаттықтырушылары Қазақ спорт және туризм академиясында оқыту жұмыстарын жүргізді
-
05 маусым, 2024
Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Орта білімді модернизациялау» жобасының қатысушылары, ұлттық жаттықтырушы Гүлжан Серікқызы Оразаева мен Мария Олеговна Қабышева Қазақ спорт және туризм академиясында (ҚазАСТ) оқыту сессияларын өткізді.
QyzPU KZEMP/DS-02 «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын жақсарту» жобасын жүзеге асыруда көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл жоба - еліміздегі білім беруді жаңғырту мақсатында күш біріктірген Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі. Жобаның кеңесшілері ретінде білім беру саласындағы үздік сарапшылар: Хаме қолданбалы ғылымдар университеті (НАМК) және Ювяскюль қолданбалы ғылымдар университеті (JAMK), Финляндия, «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымы болды.
Екі күн бойы тренерлер ҚазАСТ-тағы жазғы мектепке қатысушы мұғалімдерді жобаның негізгі кезеңдерімен және 30 инновациялық білім беру бағдарламасының (30 ББ) тізіміне енгізілген жаңа білім беру бағдарламаларымен таныстыру жұмыстарын жүргізді. Оқу бағдарламалары мен силлабустарды әзірлеу принциптеріне ерекше назар аударылды. Сессиялардың бірі толығымен бағалауға арналды, өйткені бағалау әдістерін жаңартпай инновацияны енгізу мүмкін емес.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ спорт және туризм академиясы ынтымақтастығы QyzPU базасындағы «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын жақсарту» Қысқы мектеп жобасы аясында бастау алып, табысты дамып келеді. Мұндай өзара іс-қимыл педагогикалық және орта білім беруді жаңғыртуға, инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға және педагогикалық инновациялар саласындағы жетекші жоғары оқу орны ретінде QyzPU әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Бұл оқыту сессиясы ҚазАСТ ұйымына инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруға көмектесіп, Қазақстандағы педагогтердің білімін жаңғырту жолындағы маңызды қадам болады деп сенеміз.
Бөлісу: