Корпоративтік мәдениетті жақсарту мақсатында коучинг сессиялары өтті



    • Корпоративтік мәдениетті жақсарту мақсатында коучинг сессиялары өтті

      QyzPU-да университет басшылары мен қызметкерлері үшін корпоративтік мәдениетті жақсарту мақсатында TLC «Transform.Lead.Change» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коучинг сессияларын өткізді.

      TLC 2019 жылдан бері жұмыс істейді. TLC сарапшыларының жоғары білім және ғылым жүйесінде, стратегиялық менеджмент, университеттің академиялық және ғылыми саясаты, HR, жобаларды басқару, брендинг, цифрлық трансформация, қаржылық менеджмент және т.б. салаларында айтарлықтай басқарушылық және аналитикалық тәжірибесі бар. TLC әр ұйымға бейімделген тақырыптық тренингтер мен бейімделген бағдарламалардың кең тізімін ұсынады.

                                              

      Коучинг-сессиясына 62 қызметкер қатысты. Коучинг сессияларының жаттықтырушылары Елена Григорьева мен Назгүл Күнбатырова болды.

      Алғашқы екі сессияны кәсіби жаттықтырушы Елена Григорьева «Көшбасшылар мен командаларды дамытудағы коучинг» тақырыбында жүргізді.

                                                                                 

      Тренингте жауапкершілікті басқару, коучинг терминологиясы, коучинг және басқа да көмекші мамандықтар, коучингтегі серіктестік және сенім, басымдықтар мен мотивацияны басқару, логикалық деңгейлер пирамидасы жайлы айтылды.

      Қатысушылар күшті жақтары арқылы даму мақсатын қоюдың маңыздылығын, коммуникация және топта жұмыс істеу дағдыларын, кері байланыс дағдыларын, алған білімдері мен дағдыларын жұмыс орнында қолдануды көздеуді үйренді. Позитивті ойлаудың маңыздылығын, өзін және қарамағындағыларды үнемі дамыту қажет екендігін түсінді.

                                                       

      Үшінші сессияны кәсіби бизнес-тренер, PCC ICF деңгейіндегі коуч, тілдік коуч Күнбатырова Назгүл жүргізді.

      Тренинг тақырыбы: "Коучинг технологияларын команда басқаруда қолдану" (қазақ тілінде)

      Қатысушылар сұрақ қою позициясының маңыздылығын, тыңдау және ашық сұрақтар қою дағдыларын, ұйым ішіндегі байланыс және командалық жұмысты нығайту дағдыларын, позитивті ойлаудың маңыздылығын және сессияларда тек позитивті сұраныстармен жұмыс істеудің қажеттілігін, мақсат қою және сессияның нәтижесін анықтау құралдарын меңгерді.

      Бөлісу: