Qyzpu-дың екі студенті «ҚР Үздік студенті – 2024» байқауында жеңімпаз атанды



    • Qyzpu-дың екі студенті «ҚР Үздік студенті – 2024» байқауында жеңімпаз атанды

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” республикалық байқауға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану институты, 6В01507-Химия білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Жугинисова Жанерке (ғылыми жетекшісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Куанышева Жанар Кадыржановна) мен Көшкімбаева Аяна (ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдары магистрі Сарсенбаева Замира Берікбайқызы) қатысып, қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1-орынды иеленді.

      «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясы бірлесіп ұйымдастырған байқауға еліміздің барлық өңірінен студенттер қатысты.

      Олар өздері жайлы жазған екі беттен кем емес автобиография мен диплом, алғыс хат сынды құжат көшірмелерін байқау ұйымдастырушыларына үш тілде жолдаған. Нәтижесінде ғылым, өнер, спорт саласында жетістікке жеткен және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары белсенді студент жастар іріктеліп, «ҚР үздік студенті – 2024» атты талантты студенттердің кітап-жинағына енді.

      Жинаққа енген көшбасшы студенттер кітап таныстырылымына шақырылып, шара соңында қатысушыларға арнайы тағайындалған «ҚР үздік студенті – 2024» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, ҚР Тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітаптар табыс етілді. Сондай-ақ республикамыздағы үздік жастардың түрлі түсті электронды кітап-жинағы және студенттердің жетекшілеріне электронды Алғыс хат берілді.

      Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта үлкен табыстар тілейміз!

      Бөлісу: