Жастарға қаржылық сауаттылық керек
-
30 мамыр, 2024
Стратегиялық даму департаментінің Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен, «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметкерлері мен студенттері үшін 3-күндік «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы өткізілді. Курс спикері «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы эксперті – Брасилов Жандос Рахметуллаевич.
Курста студенттер қаржы жинау әдістері мен дұрыс жаратуды, болашаққа жоспар құруды үйренді. Жеке бюджет пен қауіпсіздік қағидасы жайлы пайдалы ақпарат алды.
Қаржылық сауаттылық курсы адамдарды өз қаржысын тиімді басқаруға, болашаққа жоспар құруды үйретуде маңызды рөл атқарады. Қаржылық сауаттылығы бар адамдар өздерінің қаржылық мүмкіндіктері мен тәуекелдерін жақсырақ түсінуге бейім, бұл оларға қаржылық мәселелерден аулақ болуға және қарыз тұзағына түсу ықтималдығын азайтуға көмектеседі.
Бөлісу: