«Зайырлы мемлекеттегі діни ахуал» тақырыбында студенттермен кездесу



    • «Зайырлы мемлекеттегі діни ахуал» тақырыбында студенттермен кездесу

      Бас оқу ғимаратының № L-5 лекциялық залында студенттердің арасында діни экстремизм мен терроризмнің, деструктивті діни ағым идеологиясының таралуын алдын-алу мақсатында Менталды денсаулықты дамыту орталығының теологы Сағындықов Ақылбек Абдулқадырұлы «Зайырлы мемлекеттегі діни ахуал» тақырыбында кездесу өткізді.

      Аталған кездесуге Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Р.С Сауырбаеваның жетекшілігімен Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 2-курс білім алушылары қатысты.

                                                   

      Іс-шара барысында діни экстремизм ұғымы, негізгі себептері, көріну формалары, қауіп-қатерлері туралы айтылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттерге деструктивті діни ағымдардың миссионерлік қызметтері, идеологиялық белгілері мен қауіп-қатері туралы кеңінен ақпарат берілді және интернет желісіде радикалдық діни идеяны астарлы түрде насихаттайтын ақпараттардан сақ болу керектігі туралы жеткізілді.

                                                                                

      Сондай-ақ, білім алушыларға «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 7-бабына сәйкес білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында ғибадат қызметтерін, діни рәсімдерді және жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынғандығы туралы ақпарат жеткізілді.

      Іс-шара соңында білім алушыларды толғандырған сұрақтар қойып нақты жауаптарын алды.

       

      Бөлісу: