ҚазҰҚПУ 80 жылдығына арналған «Ерте жастағы балаларды дамыту және отбасы мәселелері: зерттеулер мен тәжірибелер» тақырыбында халықаралық конференция өтті
-
18 сәуір, 2024
2024 жылдың 17-18 сәуірінде Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде «Ерте жастағы балаларды дамыту және отбасы мәселелері: зерттеулер мен тәжірибелер» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияда Қазақстанның, көршілес елдердің (Өзбекстан, Ресей, Моңғолия) және шетелдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Нидерланды, Эстония) ерте және мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші академиялық зерттеушілері мен практиктері баяндама жасады.
Конференция бағдарламасына сәйкес І секцияда «Ерте жастағы балаларды дамыту: зерттеулер және тәжірибелер», ІІ секцияда «Отбасы мәселелері: зерттеулер және тәжірибелер» атты пленарлық отырыс болды.
Конференцияда келесі мәселелер талқыланды:
- ерте жастағы балаларды дамыту мәселелері бойынша отандық және шетелдік зерттеушілер мен практиктер арасында тәжірибе алмасу;
- балаларды ерте дамыту саласында құзыреттілігі бар тәрбиешілерді даярлау қажеттілігін ескере отырып, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі және логопеді» кадрларын даярлау саласындағы ЖОО және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері мен болашағы;
- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі жаңа тәсілдер және қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру магистратурасындағы ғылыми-зерттеу компонентінің қазіргі жағдайы;
- студенттерді оқытудағы тәжірибеге бағытталған тәсілді жетілдіру.
Алматының жетекші мектепке дейінгі ұйымдары «Ерте жастағы балаларды дамыту ресурстары» атты көрме ұйымдастырып, онда балабақшаның оқу-тәрбие процесінде қолданылатын инновациялық идеялар мен әзірлемелерді ұсынды. Сондай-ақ, Моңғолиядан, Ресейден, Кореядан және Өзбекстаннан келген белгілі шетелдік зерттеуші ғалымдар Алматы қаласындағы «№1 бөбекжай» КММ-де болып, жетекші практиктер озық педагогикалық тәжірибелерімен және олардың балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау идеяларымен бөлісті.
Конференция аясында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті базасында «Балаларды ерте жастан дамыу және отбасын зерттеу» орталығының ашылуы өтті.
Бөлісу: