Студенттерге мотивациялық тренинг өткізілді
-
24 мамыр, 2024
Физика, математика және цифрлық технологиялар институтында студенттердің белсенді өмірін қалыптастыру және өздеріне сенімділігін арттыру мақсатында «Адамның өзін-өзі бағалауы және көшбасшылық қасиеттерді дамыту» атты дәріс-сұхбат өткізілді. Институт ұйымдастырған іс-шараны Тұлға қалыптастыру департаменті, Менталды денсаулықты дамыту орталығы психологы Әмірова Кәмшат Қарабекқызы жүргізді. Мотивациялық тренинг студенттердің өз уақытын тиімді басқару мен жоспарлауға бағытталды.
Психологиялық тренинг кезінде білім алушылар «өзгенің көзімен өзін көру» әдісімен танысып, балалық шақтан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңге саяхат жасады.
Адам өмірінде уақыттың рөлі ерекше. Ол демалу, тынығу үшін ғана емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан-жақты болуына арналады. Студенттерге өзін-өзі бағалау қасиеттерімен жұмыс жасап, өз уақытының құндылығын ұғыну теорияларын түсіндірді.Сонымен қатар, уақытты тиімді пайдаланып, нақты мақсат қою үшін көптеген түсініктер және бағыт-бағдарлар ұсынды.
Тренинг барысында психолог Кәмшат Қарабекқызы нақты мақсаттарды анықтауға арналған – SMART технологиясын таныстырып, мақсат қою кезеңінде барлық қолда бар ақпаратты жинақтауға, қолайлы жұмыс мерзімдерін белгілеуге, ресурстардың жеткіліктілігін анықтауға, уақытты тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретінін нақтылап өтті.
Бөлісу: