Түркі университеттері одағының VII Бас Ассамблеясы өтті
-
24 мамыр, 2024
Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Түркі университеттері одағының (TÜRKÜNIB) VII Бас Ассамблеясы өтті.
Бас Ассамблеяға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдеріндегі 50 ден астам университеттің жоғарғы оқу орнының өкілдері, Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Қасымбекқызы қатысты.
«Орхун» бағдарламасы білім берудегі ұтымды бағдарламалардың бірі. Жақында жүзеге асырылса да, бүгінде өзінің оң нәтижесін беруде.
Жиында Түркі университеттері одағы мен «Орхун» алмасу бағдарламасын нығайту барысында, студенттер мен оқытушылар өзара тәжірибе алмасу, біліктіліктерін арттыру, білім сапасы, білім қорын құру және т.б. өзекті сұрақтар талқыланды.
Бөлісу: