Самбо күресінен Азия мен Океания чемпионатының 1 орын иегері



    • Самбо күресінен Азия мен Океания чемпионатының 1 орын иегері

      13-17 мамыр аралығында Ақтау қаласындағы «Халық арена» спорт кешенінде алғаш рет спорттық және жауынгерлік самбодан жасөспірімдер, жастар, кадеттер және шеберлер арасында Самбо күресінен Азия мен Океания чемпионаты өтті. Облыста алғаш рет жалауын көтерген  додада 25 мемлекеттен 500-ден астам спортшы сынға түсті. Чемпионатта еліміздің 96 спортшысы бақ сынаған.  

      Солардың арасында топ жарып, жауынгерлік самбо күресінен 65-кг салмақ дәрежесінде Педагогика және психология институтының «Дене шынықтыру және спорт білім беру» мамандығының 2–курс студенті Дәулетжан Назерке Дәулетжанқызы 1 орын иеленді.

      Спортшымызды шын жүректен құттықтай отырып, биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!

      Бөлісу: