Ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды



    • Ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Менталды денсаулықты дамыту орталығы екі жақты меморандум аясында Қалалық адам репродукциясы орталығында ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды. Аталған шараға Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Р.С Сауырбаеваның жетекшілігімен университет студенттері  қатысты.

      Семинар барысында  студенттер репродуктивті функциялары бұзылған емделушілер, гинекологиялық және урологиялық проблемалар бар балалар мен жасөспірімдер, кеңестік көмек пен ем қабылдайтын, бірегей мекеме болып табылатын, "Қалалық адам ұрпағын өрбіту" орталығында тексерілудің инвазивті амалдары (амниоцентез және плацентоцентез, хорион биопсиясы), гормональды және цитогенетикалық зерттеулер, хромосома жиынтықтарын зерттеуді жүзеге асыратыны  туралы  керекті ақпарат алды. Туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалаушы аурулардың пренаталдық диагностикасын жасау мүмкіндігі  туралы да ғылыми ақпаратты білді.

      Студенттер мекеменің зертханаларына, УДЗ және психолог кабинеттеріне барып, олардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ орталықтың студенттерге тегін қызмет көрсететінін де  білді. Дәрігерлер репродукция және контрацепция туралы көптеген ақпаратпен бөлісті. Кездесу соңында білім  алушылар  орталықтың білікті мамандарына өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

       

      Бөлісу: