«Абайды оқы таңырқа!» атты кітап оқу байқауы өтті



    • «Абайды оқы таңырқа!» атты кітап оқу байқауы өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа!» атты 2-кезеңнен құралған дүбірлі байқау өткізілді.

      Байқаудың негізгі мақсаты - Абайды таныту, кітапсүйер қауымды көбейту.

      Байқаудың 1-кезеңінде М. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының 1-2 томы бойынша тест сынағы алынды. Тестке Филология институтының 2-3 курс студенттері белсене қатысып, 2-кезеңге 6 үздік қатысушы жолдама алды.

                                                        

      2-кезең 2 айналымды қамтыды. 1-айналым "Сұрақ-жауап" айдарынан сүрінбей өткен 3 қатысушыны әділ-қазы алқалары балдық жүйемен 2-айналымға өткізді. Ақтық кезеңде "Видеосұрақ" айдарымен байқау өз мәресіне жетті. Бұл айналымда келетін "Абай жолы" киносы байқауға 1 апта қалғанда қатысушыларымызға дайындық есебінде жіберілді.

      Жеңіске жеткен аруларымызды "KitapAl" компаниясының директоры Данияр Жігітбек, аудармашы, автор Шразаддин Каниязов, KitapAl компаниясының маркетинг директоры Мирас Кесебаев  және университетіміздің аға оқытушысы, филология ғылымының магистрі Юсуп Пархат Қорабайұлы ақшалай сертификаттармен марапаттады.  

                                                                                    

      "Абайды оқы, таңырқа!" кітап оқу байқауының соңында университетіміздің аға оқытушысы Панзабек Бағила Төребекқызының жетекшілігімен  ашылған “OqySay” кітап оқу клубының тұсауы кесілді. "OqySay" кітап оқу клубының жетекшілігімен және "KitapAl" компаниясының қолдауымен университетіміздің кітапханасына 35 кітап сыйға тартылды. Кітаптар кітапхана директоры Әсел Мұхтарқызына табысталды.

       

      Бөлісу: