"Сабақты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды дамыту" тақырыбында қалалық конференция өтті
-
16 мамыр, 2024
Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Сабақты зерттеу арқылы оқыту мен оқытуды дамыту» тақырыбында Lesson Study қалалық конференциясын өткізді.
Пленарлық отырыста университет ректоры – Қанай Гүлмира Әмирханқызы, Кембридж университетінің шетелдік профессорлары Эллейн Уилсон және Риддлсдаун академиясы Орион колледжінің директоры доктор Томас Харриотт сөз сөйледі. Сондай-ақ баяндаушылар қатарында Педагогикалық шеберлік орталығының мүшесі Абрадаманова Қызжібек Сатыбалдықызы, «№49 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Хисамиддинова Жанна Тәңірбергенқызы және университеттің бейресми білім беру орталығының басшысы Джайдакпаева Джалия Рсалықызы болды.
Конференцияға Алматы қаласының мұғалімдері мен университетіміздің студенттері қатысты. Қатысушылар сабақты зерттеудің өзекті мәселелері мен мектептерде іске асыру ерекшеліктері талқыланатын пленарлық отырысты қоса алғанда, бірнеше негізгі секциялар бойынша өз жұмыстарын ұсынды.
Барлық деңгейдегі педагогтар талқылауға қосылып, секция отырыстарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Lesson Study оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналған жетекші мектептерден 50-ден астам мұғалім, сондай-ақ біздің университет студенттері атынан 200-ден астам болашақ мұғалімдер ауқымды іс-шараға қатысты.
Бөлісу: