QYZPU-да QS агенттігінің аймақтық директорымен кездесу өтті



    • QYZPU-да QS агенттігінің аймақтық  директорымен кездесу өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша QS аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбов ресми сапармен келді. Сапар Университет пен халықаралық рейтинг ұйымы QS арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың болашағы мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған.

      Сапар барысында Басқарма төрағасы - Ректор Қанай Гүлмира Әмірханқызы бастаған университет басшылығы қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде білім сапасын және ғылыми зерттеулерді жақсартуға бағытталған QS Stars бағдарламалары және басқа да бастамалар аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері талқыланды.

                                                         

      Сондай-ақ, кездесу аясында проректорлар, институт директорлары, оқытушылар және университет қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. QS агенттігінің аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбов «2024 жылғы әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингтері – QS World University Rankings by Subject 2024» тақырыбында презентация жасады. Университеттің ғаламдық білім беру рейтингтеріндегі орнын жақсарту бойынша тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті. QS пәндік рейтингінің соңғы нәтижелерін ұсынып, университеттің QS рейтингтеріндегі ағымдағы мәртебесін талдады.

                                                                                   

      Әйелдер педагогикалық білімін дамытуға және халықаралық білім беру кеңістігінде оның орнын нығайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

      Кездесу қорытындысында халықаралық интеграцияны және ғылыми-білім беру байланыстарын нығайту бойынша күш-жігерді белсендіру қажеттілігі туралы консенсусқа қол жеткізілді. Сергей Владимирович Университеттің инновациялық педагогикалық тәсілдерді дамыту және білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға деген ұмтылысын жоғары бағалады.

      Бұл сапар Қазақ ұлттық қыздыр педагогикалық университетінің халықаралық аренадағы орнын одан әрі нығайту жолында маңызды қадам болып табылады. Университетті ғаламдық білім беру және ғылыми рейтингтерде ілгерілету стратегияларын дамытуға ықпал етті.

       

                                                      

       

      Бөлісу: