ҚызПУ-дың ресми аккаунттары үздік деп танылды



    • ҚызПУ-дың ресми аккаунттары үздік деп танылды

       АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары ақпараттық тартымдылығы жағынан үздік деп танылды.

      Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жиында мәлім болды.

      Сараптаманы қазақстандық «TV Media Digital» компаниясының «TVM SMM» агенттігі жүргізген. Зерттеуге Қазақстанның 70 мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысқан. Сараптама «Тартымдылық коэффициенті (ER)», «Жазылушылар саны», «Ресми аккаунттарды безендіру» және «Жарияланымдар саны» параметрлері бойынша жүргізілді.

      «Тартымдылық коэффициенті (ER)» басымдығы бойынша Қыздар университетінің  Facebook-тағы ресми парақшасы 13,2 пайыз, Vkontakte-дағы ресми парақшасы 1, 36 пайыз көрсеткіш көрсетіп, топ бастаған.

      – Бүгінгі уақытта әлеуметтік желілер кез келген сала бойынша қоғаммен байланыстың маңызды тетігі болып табылады. Олар қандай да бір ақпараттың қайнар көзі, басты орталығы. Әлеуметтік желіні тұрақты әрі белсенді қолданатын студенттер екендігі айтпаса да түсінікті. Осыған орай қазіргі күнде барлық жоғары оқу орындары әлеуметтік желідегі парақшаларын дамытуға басымдық беріп отыр. Бұл – білім беру ұйымының қоғамдағы имиджі мен әлеуетінің артуына және оның сұранысқа ие болуына зор септігін тигізеді, – дейді компания өкілдері.

      Айта кетейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бұған дейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары бойынша мемлекеттік ЖОО-лары арасында жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша да тұрақты түрде үздіктер сапында болып келді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: