«Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті
-
10 мамыр, 2024
Университетіміздің Тұлға қалыптастыру департаменті «Менталды денсаулықты дамыту» орталығының ұйымдастыруымен «Туберкулездың алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.
Шара Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы №30 қалалық емханасы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасындағы келісім-шартты жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. №30 қалалық емханасының фтизиатр дәрігері Гайша Бегалинова қатысып, 2 және 3 курс білім алушыларына дәріс өткізді.
Туберкулез ауруын уақытылы анықтап, емдеуді уақытылы бастау керектігі, медицина қызметкерлерінің бақылауымен ауруды үздіксіз емдеу туберкулездің толық емделуіне әкелетіні туралы айтылды.
Дұрыс тамақтанып, жеке бас гигиенасын сақтап, спортпен айналысу, таза ауада серуендеп, уақытылы екпелерді алу және зиянды әдеттерден аулақ болу арқылы аурудың алдын алуға болатыны жеткізілді. Дәріс соңында білім алушылар білікті маманға өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Бөлісу: