Жарқын күндерді жақындатқан ардагерлерімізге мәңгі тағзым!



    • Жарқын күндерді жақындатқан ардагерлерімізге мәңгі тағзым!

      98 жастағы Дарбала Әміржанқызы Жабатаева және 99 жастағы Екатерина Александровна Баранова және Ұлы Отан соғысына қатысып, қалтқысыз еңбек еткен ардагерлердің бірі.

      Ардагерлердің жастық шағы соғыс уақытында өткен. Бірі госпитальда жауынгерлерді емдесе, бірі фашистердің санын, атыс нүктесін анықтап, жедел түрде штабқа хабарлап отырған.

      Дарбала Әміржанқызы Ұлы Отан соғысы басталған кезде 8 сыныпта оқыды. Колхоздағы көптеген ер адамдар майданға шақырылды. Жұмыс қолдары жетіспегендіктен 14-15 жастағы оқушылар егін жинауға көмектесу үшін егістіктерге апарылды. Олардың арасында Дарбала да болды. Содан кейін Дарбала бес қызбен бірге майданға ерікті болды. Әскери комитет арқылы олар Свердловск қаласындағы байланыс курстарына жіберілді.Ол фашистердің санын, атыс нүктесін анықтап, жедел түрде штабқа хабарлап отырған. Бүгінде ардагер қызымен бірге тұрады. Дарбала Әміржанова бес немере мен алты шөберенің аяулы әжесі.

      Ал Екатерина Александровна жетінші сыныпты бітіргеннен кейін фельдшерге Старооскольск медициналық колледжіне оқуға түсті. Көп ұзамай соғыс басталды. 1943 жылы Екатерина әскер қатарына алынып, ауруханаға жұмысқа тағайындалды. Соғыстың соңына дейін Екатерина жаралыларды емдеді. Жеңісті Карловы Вары қаласында (Чехословакия) қарсы алды.

      Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы Қанай және “Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ Төрағасы Лаззат Махайқызы Әділбекова университет атынан ардагерлерді 9 мамыр мерекесімен арнайы барып құттықтады.

      Майдангерлерге соғыс кезіндегі қажырлы еңбегі мен қызметі үшін шын жүректен алғыс айтып, университет атынан гүл шоқтарын табыс етті.

      Бөлісу: