Жас ғалымдардың республикалық жиыны өтеді
-
17 қараша, 2020
Биылғы жылдың 27 қарашасы күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаздың қолында» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебінің бастамасымен қолға алынған жиын жұмысы үш бағыт бойынша жүргізілмек.
Атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу мекемелерінің жас оқытушылары мен ізденушілері «Қазіргі заманғы білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері мен болашағы», «Орта және арнайы орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары мен құралдары» және «Қашықтан оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері» секциялары бойынша маңызды ақпараттарымен бөлісіп, ізденістерін көпшілікке ұсынбақ.
Онлайн режімде өтетін «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаздың қолында» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ақпараттық хатын мына жерден жүктей аласыз.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: