Қаржы пирамидаларынан сақтану шаралары төңірегінде жиын өтті



    • Қаржы пирамидаларынан сақтану  шаралары төңірегінде  жиын өтті

      АЛМАТЫ. 29 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  Қаржы  пирамидаларынан сақтану  шаралары  туралы  жиын өтті.  Жиында  Алмалы  аудандық прокуратурасының  өкілі  мен  «Рахым» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының бір топ  қызметкерлері  студенттерге  түсіндірме  дәрістерін оқыды.

      Қазіргі  таңда  қаржы пирамидалардың  тұзағына  түсіп,  алданып  қалғандығы  туралы  наразылықтарын айтып жүрген халық қарасы  көп.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мұндай  ұйымдармен күресу  жөнінде   құзырлы  орындарға  арнайы  тапсырма   берген болатын.

      Аталмыш мәселе  жөнінде  жауапты  сала  мамандары  да  өз жұмыстарын кешенді  жүргізіп келеді.  Қаржы  пирамидаларынан сақтану  жолдары  туралы  арнайы  түсіндірме  жұмыстарын жүргізуді  университеттің  студенттермен  жұмыс  бөлімі ұйымдастырған болатын.  Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Қасымбекқызы  жиынның алғы сөзін ашты. 

      Алмалы ауданы прокурорының орынбасары Ысқақов Ақан Асқарұлы Алматы  қаласы  бойынша  3 жылдың  ішінде  қаржылық пирамидаларға  қатысты  48 іс  қозғалып,  1000- нан астам  жәбірленуші  тіркелгенін, жалпы  көлемі  2,5 миллиард қаржы  шығын анықталғаны туралы  мысалдар келтірді.  Істің  қылмыстық іске  дейін бармауын,  мұндай  заңсыз институттардан сақ болуын  жастарға  жіті  түсіндірді.

       Кезекті  сөзді  алған «Рахым» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Шералиева Бибінұр Көкешқызының  айтуы  бойынша,  қаржы  пирамидаларына  алданып,  қиын жағдайға  түсіп,   аталмыш қорға  көмек сұрай  келгендердің ішінде  көпшілігі  студент жастар болған. Бұл мәселенің  бірден-бір шешу  жолы – жоғары  оқу  орындарында  білім алып жатқан жастарға арнайы  мамандармен бірігіп,   түсіндірме  жұмыстарын жүргізуді  қолға  алу  болған.

      Бибінұр Көкешқызы  өзімен  бірге  қаржы  пирамидасының  құрығына  түсіп,  алданған,  көп  шығынға  ұшырап,  отбасынан,  жұмыс  орнынан айырылған  кейіпкерді  де арнайы  ала  келіпті.  Жәбірленуші  өз басынан өткен  оқиғаны  студенттерге  тәптіштеп  жеткізіп,  мұндай  заңсыз ұйымдарды құйтырқы  әрекеттерін ашып айтты.   

      «Рахым» әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының заңгері Тайжанов Рысбек Берікұлы студенттерге  заң  тұрғысында  әрекет ету  жолдарын түсіндірсе,

       Қаржылық реттеу агенттігінің сыртқы байланыс бөлімінің бас маманы Акмаев Дмитрий Игоревич қаржылық пирамиданың  жүйесін түсіндірі келе,  нәтижесінің  жоқтығын, сызба арқылы  нақты  түсіндіріп,  мысалдар келтірді.

       Студент  жастарға   қаржылық пирамидалардан сақтану  жолдарын,  алданған сәтте  қандай  іс-әрекеттерге  бару керектігінен қажетті  ақпараттар берген жиын студенттердің мамандарға  сұрақ қойып,   пікір алмасуымен  аяқталды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: