Мұғалімдер тапшылығын азайту турасындағы бағдарлама таныстырылымы өтті



    • Мұғалімдер тапшылығын азайту турасындағы бағдарлама таныстырылымы өтті

      АЛМАТЫ. 28 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  Мансап, жұмысқа  орналастыру  және  түлектермен  жұмыс  бөлімінің  ұйымдастыруымен,   ҚР Білім  және  ғылым  Министрлігінің  өкілі  Карамбаев Жомарт Петрович  бастаған бір топ жұмыс  тобы «Мұғалімдер  тапшылығы  байқалған өңірлерге  үздік  педагогтерді  тартудың  тиісті қолдау  шараларының пакеті  бар арнаулы  бағдарламасын» таныстыру   мақсатындағы  арнайы   жиын өткізді.  

      Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың тиісті қолдау шараларының» пакеті бар арнаулы бағдарламасы әзірленген болатын.

      Бағдарламаның  мақсаты:

      • Өңірлік білім беру жүйелерінде білікті және ынталандырылған педагогтерді тарту мен тұрақтандырудың орнықты моделін құру және білім беру сапасын жақсарту.
      • Педагогтерді тарту, іріктеу жүйесін және оларды қолдаудың ынталандыру шаралары пакетін әзірлеу.
      • Біліктілікті арттыру және оқу-әдістемелік сүйемелдеу арқылы педагогтерді кәсіби дамыту.

      Бағдарламаны дайындау үшін тәсілдерді әзірлеу бойынша талқылау барысында білім беру саласындағы сарапшылардың ұсыныстары зерделеніп, білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуетін, сондай-ақ оқушылардың білім сапасын жақсарту жөнінде халықаралық тәжірибе ұсынылған.

      Бағдарлама  мазмұнымен  таныстыру  жұмыстарын іске  асыру мақсатында   еліміздің  бірқатар өңірлеріне атап айтсақ,  Алматы, Атырау, Түркістан және  Маңғыстау обылыстарына   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің жұмыс тобының мүшелері   түсіндіру жұмыстарын жүргізуді  бастап  кетті. 

      «Мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге  үздік мұғалімдерді тарту жөніндегі қолдау шараларының тиісті пакетімен арнайы бағдарламаны» нақтылау жөніндегі жұмыс тобының құрамында:

      1 ТОП

      • Карамбаев Жомарт Петрович – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті басшысының орынбасары, топ жетекшісі.
      • Бралина Гульзат Базаровна – «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстандық филиалы» ҚБ заң жұмысы бөлімінің жетекші маманы.
      • Жумахметова Магия Хамиевна –  Атырау облысы білім беру басқармасы Атырау қаласы білім бөлімінің сектор меңгерушісі.
      • Cултанбеков Орынбасар –  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ әдіскері
      • Толеубекова Арайлым Аксубаевна –  Алматы облысының Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, кадрмен жұмыс, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
      • Мамаева Акмоншак Сериковна – Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ директордың орынбасары
      • Жұмаділдаева Наталья Васильевна – НЗМ ДББҰ Басқарма төрағасының кеңесшісі бар.

      Осы шара аясында біздің  университеттің түлектері мен  оқытушыларына да бағдарламаның түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Түсіндіру барысында бағдарламаның Нысаналы өңірлердегі ағымдағы жағдай мен проблемалардың талдамасын негізге ала отырып, Бағдарлама шеңберінде шешуді талап ететін бірқатар маңызды мәселелер, Бағдарламаның мақсаты, негізгі міндеттері және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу бойынша шаралар, Педагогтерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі талқыланды.

      Мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту арнайы бағдарламасы 2022-2027

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: