Ұлттар достастығын дәріптеген кеш өтті



    • Ұлттар достастығын дәріптеген кеш өтті

      АЛМАТЫ. 26 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ –  «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»  меркесінің қарсаңында   Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,  Қазақ тілі  және  әлем  тілдері  институның  Орыс  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасының  ұйымдастыруымен  «Мы дружбою нашей сильны» атты мерекелік  концерт болып  өтті.

      Студенттерді  Қазақстан халықтарының мәдениетімен таныстырып,  толеранттылыққа,  түрлі ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік Әнұранымен  ашылып,  алғашқы  құттықтау  сөз Университетіміздің  Басқарма  Төрағасы  Гүлмира  Қанайға  берілді.  

       Мәдени іс-шараға әр ұлттың  мәдени оралықтарынан өкілдер қатысып,   студенттерімізге өз халқының биін, салт-дәстүрін таныстырды. Олардың  қатарында:

      • Республикалық казак мәдени орталығы;
      • Грузияның «Тбилиси» халық би ансамблі;
      • «Хесед Полина» қамқорлық орталығы  республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігі; бар.

       Грузия мәдени орталық өкілдері  той  биі  «Картулиді», Рача фермерлерінің биі «Рачулиді» нақышына келтіріп орындап,  «Тибилиси» әнін шырқады.

      Орыс  халқы өздерінің   «Ой,  сад во дворе расстилается» әнін шырқап,  өздерінің  қонақты  қарсы  алу   дәстүрлеріне  сай  нан мен  тұз ұсыну  салтын көрсетсе,  Республикалық «Хесед Полина» еврей қамқорлық орталығы» қайырымдылық қоғамдық бірлестігі еврей  халқының  халық әнінің сүйемелдеуімен «Хава  нагила» биін  биледі.

      Қонақтардың  концерттік  номерлері аяқталған соң,  ортаға  институт студенттері шығып,  өзбек  халқы  мен  ұйғыр ұлтының  ән мен  биінен шашу  шашты!

      Кеш соңында  қазақтың  «Қыз ұзату» салтының сахналанған қойылымы  қойылып,  қойылым  аясында  «Дудара-ай»  әні  мен қазақтың  ұлттық биі орындалды.  

      130 дан астам  ұлтты құшағына  сыйғызып отырған қазақ халқының  қонақжайлылығы мен   кең жүректігін,    қазақ елін мекен  еткен  ұлт өкілдерінің  тату-тәтті,  бір шаңырақтың астында  ғұмыр кешіп  жатқанын дәріптеген думанды  кештің  соңы барша  өнерпаздардың сахына төріндегі  бірге жиылып,   «Туған жерім» әнін қосыла   шырқауымен  аяқталды.

      Концерттік  бағдарламадан соң мазмұнды  кештің  ұйымдастырушылары  орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Тәжібаева Шынар Алмасбекқызы мен Аубакирова Алтын Мұхамедқызы мәдени ошақ өкілдері Республикалық казак мәдени орталығының жетекшісі Гранова Марина Сергеевнаны,  «Тбилиси» грузин халық би ансамблінің жетекшісі Бакари Церцвадзені,  «Хесед Полина» қамқорлық орталығы» республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің өкілі  Султанова Аринаны алғыс  хатпен  марапаттады.

      Сонымен  қатар университетіміздің  «Хореография» білім беру бағдарламасының студенттеріне,  «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламаларының студенттеріне  іс-шараға  атсалысқандары  үшін алғысын айтты. 

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: