• icon

        Дисциплины ЕНТ

      • icon

        Академическая мобильность

      • icon

        ECTS

      • icon

        Пороговый балл

      • icon

        Minor

      •  

        БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

        1.1. Білім беру бағдарламасының атауы

         білім берудегі зерттеулер

        1.2. Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша топ:

         

        Жетекші университет

        Қатысушы университеттер

        Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

         

         

         

         

         

        М.Х.Дулати арасындағы Тараз өңірлік университеті

        Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті

        Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

        К.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік  университеті

        Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

        Павлодар педагогикалық университеті

         

        1.3. Білім беру бағдарламасының типі (Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес)

        МАГИСТР ДӘРЕЖЕСІ

         7-деңгей

         

        1.4. Жалпы Академиялық  кредит саны

         120

        1.5. Оқу түрі

         Күндізгі оқыту

        1.6. Бағдарламаның болжалды ұзақтығы

         2 жыл

        1.7. Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы

        Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері

        Бұл "Білім берудегі зерттеулер" білім беру бағдарламасы (БББ) әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген, педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл білім беру бағдарламасы ұлттық болғандықтан, ондағы сипаттамалық мәтіндерде нақты ақпарат жоқ, бірақ жалпы педагогикалық қағидаттар мен тақырыптар қамтылған (сонымен қатар 1-қосымшаны қараңыз.). Толығырақ сипаттамалар, мысалы, әдіснамалар мен бағалау институционалдық және өңірлік жағдайларды ескере отырып, жоғары оқу орындарының іске асыру жоспарларында айқындалатын болады.

        «Білім берудегі зерттеулер» білім беру бағдарламасы (БББ) – білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі білім беру зерттеулеріне маманданғысы келетін мұғалімдер мен басқа мамандарға арналған магистрлік деңгей бағдарламасы. БББ педагогикалық компоненттен (20 академиялық  кредит), пәндік компоненттен (65 академиялық  кредит) және ғылыми-зерттеу компонентінен, соның ішінде магистрлік диссертациядан (35 академиялық  кредит) тұрады.

        БББ 5 модульден тұрады: “Жалпы білім беру, “Білім беру зерттеулерінің дизайны”, “Зерттеу әдістері”, “Зерттеу этикасы және адалдылық”, “Коммуникация және зерттеулерді тарату”, “Магистранттың зерттеу жұмысы”.

        БББ білім берумен байланысты көптеген салалар – психология, әлеуметтану және т.б. тоғысқан салада жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Осы БББ меңгергеннен кейін түлектер әртүрлі жағдайларға сәйкес рационалды зерттеу тәсілдерін қолдана отырып және жаңа құндылықтарды құру үшін этикалық тұрақты рәсімдерді қолдана отырып, білім беру зерттеулерін жүргізе алады. Түлектер білім беру тәжірибесін дамыту құралы ретінде зерттеу процедураларын да пайдалана алады. БББ іс-әрекетті зерттеу философиясын ұстанады, бір мезгілде әрекет ету және сыни ойлаумен байланыстырылған зерттеулерді жүргізу арқылы трансформациялық өзгерістерге ұмтылады.

        1.8 Білім беру бағдарламасының негізгі қағидалары

        Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру:

        Педагогтың құзыреттілігі педагогика саласындағы және оның пәндік саласындағы құзыреттілігін әр түрлі қызмет жағдайында оқытудың теориялық және практикалық құзыреттілігімен біріктіреді. Мұғалім өз пәніне қажетті білім мен дағдыға ие, сондықтан бір пәнді оқитын жастар мен ересектерге білім беріп, бағыт-бағдар бере алады.

        Мұғалімнің құзыреттілігі жоспарлауға, бағыттауға, оқытуға және бағалауға бағытталған. Сондықтан мұғалімнің оқыту және құзыреттіліктерін дамыту бойынша жеткілікті теориялық білімі болуы керек. Сонымен қатар, бүгінгі еңбек ету саласында ынтымақтастық пен байланыс құруға, дағдыларды дамытуға, өзінің және айналасындағылардың әл-ауқатын қолдау мен сақтауға баса назар аударылады.

        Мұғалімнің құзыреттілігіне еңбек нарығындағы, білім беру құрылымындағы, жалпы қоғамдағы өзгерістер әсер етеді; осы элементтердің барлығы мұғалім жұмысының қарқынды сипатын көрсетеді. Жұмыс жағдайында болатын түрлі құбылмалы өзгерістер мұғалімнің өз қызметін бағалай алу мен реттей алу қабілетіне көңіл аудартады. Өзін-өзі бағалау дағдысы кәсіби тұлғаны дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалімдер үнемі құндылықтарға негізделген шешімдер қабылдайды, бұл кәсіби этика мәселелерін қарастыру қажетті кәсіби дағдылардың бірі екенін білдіреді. Өзгерістер сарапшылық білімді дамытуды, үйрену қабілетін, сондай-ақ реформалау және қоғамдағы жұмыс істеу әдістерін жаңартып отыруды талап етеді.

        Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру бағдарламасы.

        Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру бағдарламасы үш бөліктен тұрады: 1) педагогикалық компонент, 2) пәндік компонент, 3) зерттеу компоненті. Бұл құрылымдардың әрқайсысы модульдер мен тиісті курстардан құралады. Курстардың оқыту нәтижесі оқыту жұмысында қажетті құзыреттіліктерді сипаттайды және ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері) жүйесінің алтыншы деңгейіне жатады.

        Білім беру бағдарламасы келесі негізгі қағидаларға негізделеді:

        - Құзыреттілік әдісі;

        - Конструктивті (сындарлы) келісім;

        - Студенттерге бағдарланған және белсенді оқытуды қолдайтын әдістер;

        - Зерттеуге негізделген оқыту;

        - Пәнаралық оқыту;

        - Инклюзия;

        - Педагогтардың кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару;

        (толығырақ ақпаратты Қосымшадан қараңыз).