«Педагогикалық идеялар фестивальі аясында» семинар-тренинг өткізіліп жатыр.



    • «Педагогикалық идеялар фестивальі аясында» семинар-тренинг өткізіліп жатыр.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,Жаратылыстану институтының ,Биология кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Заида Серікқызының жетекшілігімен 3 курс 6В01509-Биология мамандығының студенттері: Мамырхан Мерей,Уалихан Каусар,Қуантай Жанара,Салжан Мөлдір,Урпекова Нурия,Молдабек Аяулым,Каримова Айбике,Тыныштықпай Инабат  қатысуымен №59  мектеп гимназиясында 28 қараша 2022 жылы сағат 8:40 уақыт аралығында мектеп оқушыларына семинар- тренинг өткізілді.

      Семинар-тренингтің мақсаты: Оқушылардың денсаулығын нығайтудағы өзекті тақырыптарды талқылау және оқушылардың  салауатты өмір-салтын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді үйрету арқылы тәрбиелеу

      Бұл өткізілген семинар- тренинг Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіміздің ұйымдастырылған бағдарламасы бойынша «Педагогикалық идеялар фестивальі аясында». 10 «Ә» сынып оқушыларына «Оқушылардың денсаулығын нығайтудағы, сынып бөлмелеріне қойылатын талаптар» -тақырыбында жүргізілді.

              Семинар-тренингімізді жүргізуге ат салысқан студенттер осы мектеп қабырғасында «Дуальды білім беру»-мақсатында практикалық тұрғыда сабақ өткізіп жүрген қыздарымыздың тәжірибесін шыңдау мақсатын қолға ала отырып іс-шаралар семинар-тренинг сабағымыз іскерлік ойын арқылы жүзеге асырылды.10- сынып оқушыларына тақырып бойынша дәріс беріліп,ойын арқылы тапсырмалар және  дамыту технологиясы бойынша мектеп оқушыларының зейінін қалыптастыруға оқылған дәріс бойынша топтық жұмыстар атқарылып мотивациялық сабақ тұрғысында ой қорыту рефлекциялық кері байланыс ойын сабағының оқушылар белсене ат салсып тақырыптың мақсатын ашып өте қызықты өткізілді!

      Share: