Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
-
15 наурыз, 2022
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
2022 жылдың 25 наурызында «БІЛІМ САЛАСЫНДА ОТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік online конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесе отырып көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1 cекция
Тарих ғылымы: теориялық және практикалық мәселелері
2 cекция
Мектепте тарихты оқытудың негізгі мәселелері
3 секция
Жоғарғы оқу орындарында тарихты оқытудың инновациялық технологиялары
4 секция
Білім беру жүйесіндегі тарихтың тәрбиелеушілік рөлі
Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2022 жылдың 15 наурызына дейін.
Өтетін түрі: Қалыпты және ZOOM платформасында
Басталуы: сағат 10:00.
Конференция идентификаторы: 947 2923 9306, код доступа: 2020
ZOOM сілтемесі: https://zoom.us/j/94729239306?pwd=RzVLbytUS2YzbVBadVg4VU9LcWhtdz09
Негізгі спикер: т.ғ.д., профессор Саипова К.Д. Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
Көлемі 5-8 бетке дейін, MS WORD редакторында *doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman» – 11. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – МАҚАЛА АТАУЫ, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер автордың аты, жылы, қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (Манкеева, 1991:256). ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Мақала антиплагиатқа тексеріледі.
КонференцияМатериалдары PDF форматта тегін жарияланады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050010, Алматы қ., Гоголь көшесі 114. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Тарих кафедрасы, 204 кабинет. Конференцияға қатысу үшін мақаланың толық мәтінін электронды почтаға жіберу қажет: smanova.aygul@qyzpu.edu.kz, aigulsmanova123@gmail.com
Байланыс телефондары: +7 (727) 278-10-24,
моб.: +7 (701) 4720019 (Қожакеева Л.Т. Бағдарлама көшбасшысы)
моб.: +7 (701) 7761168 (Сманова Айгуль)
Құрметпен, ұйымдастыру алқасы
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: