Сабақты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды дамыту



    • Сабақты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды дамыту

      Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді 2025 жылғы 16 мамыр күні өтетін «Сабақты зерттеу арқылы оқу мен оқытуды дамыту» тақырыбындағы II жыл сайынғы қалалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз!

      Тәжірибе алмасу алаңын құру, қол жеткізілген нәтижелерді талдау және Lesson Study тәсілін әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарында қолдану перспективаларын айқындау – шараның басты мақсаты.

      Конференция күндізгі форматта өтеді және білім беру тәжірибесінде Lesson Study тәсілін қолданудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

      Іс-шара аясында пленарлық отырыс, пікірталас панельдері мен постерлік сессиялар ұйымдастырылады. Бұл сессияларда Lesson Study бағытындағы дипломдық жұмыстарын қорғайтын студенттер мен тәжірибелі педагогтер өз зерттеулерінің нәтижелері мен тәжірибелерімен бөліседі.

      Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
      Қатысус тегін.
      Қатысу форматы: офлайн (бетпе-бет).

      Конференцияға қатысқандығы жөнінде сертификаттар беріледі.
      Конференция материалдарының жинағы жарияланбайды.

      Шараға қатысу нысандары: 1) Секциялық жұмыс (ауызша баяндама) – презентацияны .pptx форматында 2025 жылдың 14 мамырынан кешіктірмей orap@qyzpu.edu.kz мекенжайына жіберу және тіркеу нысанына зерттеудің қысқаша аннотациясын (баяндама тезистерін) енгізу; 2) Постер сессиясы – «өрмекші» баннер (160×60 см немесе 180×80 см) не А1 форматындағы постер (594×841 мм), аннотация тіркеу нысанына енгізіледі; 3) Тыңдаушы ретінде қатысу. Конференция барысында бейнежазба мен фототүсірілім жүргізіліп, материалдар БАҚ-та жарияланады.

      2)Постер сессиясы: баяндаманы постерлік сессия форматында ұсыну үшін дайындау қажет, немесе «өрмекші» баннері (жылжымалы стенд) өлшемі 160 см (биіктігі) x 60 см (ені) немесе 180 см (биіктігі) x 80 см (ені),  немесе А1 форматындағы плакат (постер) (594 x 841 мм). Тіркеу нысанын толтырған кезде тиісті өріске зерттеудің қысқаша аннотациясын (баяндама тезистерін) енгізу қажет болады.

      3) Тыңдаушы ретінде қатысу: баяндама ұсынбай конференцияға қатысу; конференция барысында бейнежазба мен фототүсірілім жүргізіліп, материалдар БАҚ‑та жарияланады.

      Конференцияға тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe6DXgronIST6zkG6kYTs-ZbmJetplKEjJ9hLVw_ePNm22ifQ/viewform?usp=sharing

      Күні: 2025 жылғы 16 мамыр
      Уақыты: 09:30
      Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114, АКТ залы

      Байланыс:

      Құттыбек Аида Құттыбекқызы, +7 747 712 6740

      Кабышева Мария Олеговна, +7 700 393 0107

      Бөлісу: