«КІТАПХАНА ІСІ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА



    • «КІТАПХАНА ІСІ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

      Құрметті студенттер! Сіздерді 24 сәуір күні «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін XVII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз!

      Студенттерді азаматтыққа тәрбиелеу, олардың кітапхана ісіне деген құрметін қалыптастыруға жағдай жасау, кітапхана пәндерін оқу барысында ерекше қабілет пен қызығушылық танытқан студенттерді анықтау, сондай-ақ кітапханалық білім беруді жаңғырту, оның ішінде жоғары курстарда бейінді оқытуға көшу бойынша ғылыми-әдістемелік тәжірибені жинақтау – шараның басты мақсаты.

      Олимпиадаға 1–4 курс студенттері қатыса алады. Команда құрамында 5 қатысушы болуы керек. Олимпиадаға қатысу шығындары (жол ақысы, жатын орын) жіберуші тараптың есебінен өтеледі.

      «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша студенттік пәндік олимпиада командалық сайыс түрінде үш кезең бойынша өткізіледі:
      І кезең – команданың сәлемдесуі (үй тапсырмасы ретінде орындалады);
      ІІ кезең – командалардың ситуациялық тапсырмалар мен «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша сұрақ-жауап сайысы;
      ІІІ кезең – кітапхана қызметіне байланысты ғылыми жоба әзірлеу және қорғау.

      Олимпиадаға қатысу үшін қажетті құжаттарды 2025 жылғы 15 сәуірге дейін белгіленген үлгіге сәйкес толтырып, көрсетілген baidarova.a@qyzpu.edu.kz мекенжайына жіберу қажет.

      Толық мәлімет үшін: https://clck.ru/3LE2VX
      Олимпиаданың өту күні: 24 сәуір 2025 жыл
      Уақыты: 9:00–14:00
      Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Гоголь көшесі, 114, Бас оқу ғимараты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы, 208-кабинет.
      Байланыс телефондары: 8-701-313-40-24 – Нұржанова Гүлмира Исатайқызы
      Ұялы телефон: 8-778-352-09-90 – Байдарова Айзада Қыдырбайқызы
      E-mail: baidarova.a@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: