«Ұлы Дала тарихы» конференциясы



    • «Ұлы Дала тарихы» конференциясы

      Құрметті QyzPU ұжымы!

      Сіздерді 2025 жылдың 3 сәуірінде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Ұлы Дала тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыратын «Ұлы Дала тарихы» конференциясына шақырамыз!

      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген «Ұлттық тарихи сананы жаңғырту» бастамасын негізге ала отырып, бұл конференция қазақ тарихының шынайы бейнесін қалпына келтіруге бағытталған.

      Іс-шараға тарихшылар, археологтар, этнографтар, шығыстанушылар, саясаттанушылар, мемлекеттік мекеме өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысады.

      Конференция – қазақ халқының тарихи мұрасын, түркі өркениетінің қалыптасу жолын және Ұлы Далада орын алған маңызды оқиғаларды талқылауға арналған ауқымды академиялық шара. Онда тарих ғылымындағы жаңа зерттеулер, ұлттық мұрамыздың маңызы және оның қазіргі Қазақстан үшін рөлі қарастырылады.

      Зерттеушілер шара барысында Қазақ хандығының құрылу кезеңдері, Ұлы Далада өмір сүрген тайпалар мен халықтар, Шыңғыс хан және оның ұрпақтарының әлемдік өркениетке қосқан үлесі туралы тың деректермен бөліседі. Сонымен қатар «Ұлы Дала ақиқаты» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

      Күтілетін нәтижелер: Қазақ тарихының жаңа қырларын ашу, түркі өркениетінің дамуы мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын талқылау, тарихи сананы жаңғырту, бұрмаланған деректерді анықтау және насихаттау, ғылыми ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ жаңа зерттеулер мен ғылыми еңбектердің жарық көруіне ықпал ету.

      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, АКТ залы.
      Қатысушыларды тіркеу: 09:00
      Конференцияның басталуы: 10:30

      Ұйымдастыру комитетімен байланыс:
      Айтенов Нұрахмет Жомартұлы – +7 (702) 100 1857
      E-mail: aytenov.n@qyzpu.edu.kz

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

      Бөлісу: