Тарихи жад және ұлттық бірегейлік Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
-
13 ақпан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейістің 90 жылдығына орай «Нұрпейіс оқулары» аясында «Тарихи жад және ұлттық бірегейлік» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты – академик К. Нұрпейістің Отандық тарих ғылымының дамуына, Алаш қозғалысы тарихы зерттеуге қосқан үлесін, сондай-ақ оның өмір жолын көрсету. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы Отан тарихының өзекті мәселелерін талқылау.
Конференция жұмысының бағыттары: Академик Кеңес Нұрпейіс және оның Алаш қозғалысының тарихы зерттеуге қосқан үлесі; Тарихи жад және Кеңес Нұрпейістің ғылыми мұрасы; ХХ ғ. Қазақстан тарихын зерттеудегі қазіргі ұстанымдар; Кеңестік кезеңдегі ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері; 1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы кеңестік модернизация; Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында; 1960–1990 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер; Білім, ғылым және мәдениет; ХХ ғ. Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарында оқытудың қазіргі ұстанымдары; Тарихи білім отаншылдық пен азаматшылдық тәрбиенің құралы ретінде.
Конференцияға қатысуға шақырылады: ғалымдар, жоғары оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары, докторанттар, магистранттардың қабылданады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін өтініш пен мақала мәтінін белгіленген форма бойынша жіберуіңіз қажет. Толық ақпарат пен талаптар төмендегі сілтемеде:
Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2025 жылдың 14 наурызына дейін.
Конференцияның өтетін күні: 14 наурыз 2025 жыл
Басталу уақыты: 10:00 (қатысушыларды тіркеу – 09:30-дан)
Өткізу орны: Алматы қ., Гоголь көшесі 114, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Акт залы
Бөлісу: