Физика, математика және информатика пәндерінен 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Білім шыңы» Республикалық пәндік олимпиадасына тіркелу басталды
-
04 ақпан, 2025
Құрметті оқушылар! Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар институты ұйымдастыратын жыл сайынғы физика, математика және информатика пәндерінен 10–11(12) сынып оқушыларына арналған «Білім шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Олимпиадаға қатысу үшін 2025 жылдың 20 ақпанына дейін төмендегі QR кодты сканерлеу арқылы тіркелу керек:
Физикаға тіркелу
Математикаға тіркелу
Информатикаға тіркелу
Өтетін күні, уақыты:
І кезең 28 ақпан 2025ж., сағат 14:00-15:00 (онлайн)
ІІ кезең 29 наурыз 2025ж., сағат 09:00-15:00 (офлайн)
Олимпиаданың өтетін орны: Алматы қ., Гоголь көшесі 114, корпус 1.
Бөлісу: