Visiting Scholar 2025 бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды



    • Visiting Scholar 2025 бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

      Құрметті профессорлар мен зерттеушілер! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Visiting Scholar 2025 бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды!

      Бағдарлама білім беру бағдарламаларын интернационалдандыруға және Қазақстан университеттерінің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған.

      Қатысу талаптары: 

      • Әлемдік академиялық рейтингтерде алғашқы 500-дікке кіретін университеттерде немесе халықаралық зерттеу зертханаларында жұмыс істейтін профессорлар мен зерттеушілер;
      • Соңғы үш жыл ішінде жоғары рейтингі бар халықаралық журналдарда кемінде 5 ғылыми жарияланымы болуы;
      • Доктор (PhD) дәрежесінің болуы.

      Бағдарлама қатысушыларынан күтілетін нәтижелер: 

      • Аптасына кемінде 8 академиялық сағат лекциялар мен практикалық сабақтар өткізу (оның ішінде 2 сағат ағылшын тілінде);
      • Магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік немесе кеңес беру (аптасына кемінде 3 сағат);
      • Университет қауымдастығы үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру;
      • Жергілікті зерттеушілермен бірлесіп ғылыми жарияланымдар дайындау;
      • Қазақстандық ғалымдармен гранттық өтінімдерді дайындап, тапсыру.

      Бағдарлама шарттары:

      • 1 айлық гонорар — 4000 АҚШ доллары (салықтар ұсталады).
      • Саяхат шығындарын шақырылған ғалым өз мойнына алады.

      Өтінім беру тәртібі:  Өтінім формасын толтыру (үлгі ұсынылады);

      Келесі құжаттарды дайындау:

      • Паспорттың бірінші беті;
      • Түйіндеме (2 беттен аспауы тиіс)Диплом көшірмесі.

      Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 29 қазанға дейін.

      Өтінімдер осы сілтемені толтыру арқылы, nyssanbek.k@qyzpu.edu.kzэлектрондық поштасына "Visiting Scholar Program 2024" тақырыбымен жіберілуі тиіс.

       

       

       

       

       

       

       

      Бөлісу: