«Көп мәдениетті қоғамдағы өнер: салт-дәстүрлер және инновациялар» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз



    • «Көп мәдениетті қоғамдағы өнер: салт-дәстүрлер және инновациялар» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

      ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

      Біз сіздерді «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасы аясында ұйымдастырылатын  «Көп мәдениетті қоғамдағы өнер: салт-дәстүрлер және инновациялар» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз!

      Конференцияның мақсаты: Өнертану саласының өзекті мәселелерін талқылау және хореографиялық білім беру бағыттары мен оқыту жүйесіндегі инновациялық әдістері мәселелерін талдау, халықаралық деңгейдегі өзара байланыс және ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Д.Әбіров еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

       2020 жылдан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хореография және Арт-менеджмент кафедрасы қазақ сахналық биінің негізін қалаушылардың бірі Әбіров Дәурен Тастанбекұлының шығармашылық және педагогикалық жолын насихаттау мақсатында «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасын іске қосты. 

      Аталмыш конференция тәуелсіздік жылдарындағы ғылым, білім мен мәдениетіміздегі даму жолдары мен басқа мемлекеттердің озық ой толғамдарын саралау, сараптау болмақ.

      Конференцияның негізгі бағыттары:  Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Д.Т. Әбіровтің ұлттық би өнеріне және хореографиядағы тәуелсіздік жылдарындағы даму жолына қосқан үлесін насихаттау; Ұлттық өнерді сақтау және дамыту; Жаһандану жағдайындағы өнер мен мәдениеттің даму жолдары; Өнердегі білім, ғылым бағытындағы өзекті мәселелер.

      Конференцияның ресми тілі: қазақ, орыс, ағылшын. 

      Өткізу күні: 2024 жыл, 30 қазан, сағат 10.00

      Өткізу орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, 215 кабинет, конференц залы.    

      Конференцияға қатысуға өнер және білім саласындағы мәселелерді зерттейтін ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар шақырылады.

      Тіркеу шарттары

      Бөлісу: