«ҚазҰҚПУ» КеАҚ студенттерін жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама
-
23 қаңтар, 2024
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) Университет студенттерін жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты: университет студенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Алматы қаласында студенттік жатақхана салу (реконструкциялау) (кең жолақты Интернетке қосылу және компьютерлендіру (коворкингтер), заманауи жайлылық аймақтарымен, спорт аймағымен, қоғамдық тамақтану аймағымен жабдықтандыру).
Студенттік жатақхананың жобалық қуаты: кемінде 300 (үш жүз) төсек-орын.
Жобаны іске асыру орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, университеттің бас корпусынан үш шақырымдық аймақ шегінде.
Жобаны іске асыру кезеңі – 8 (сегіз) ай және одан да көп, оның ішінде:
- құрылыс кезеңі: 2024 жылғы 01 қазаннан кешіктірмей салынған немесе реконструкцияланатын объектіні пайдалануға бере отырып, 7 (жеті) ай. Университет студенттерін ертерек уақытқа, атап айтқанда 2024 жылғы 01 қыркүйекке қарай орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, келіп түскен өтінімдерді қарау кезінде артықшылық (басымдық) болып табылады;
пайдалану кезеңі: 6 (алты) жыл жаңа объект салынған жағдайда немесе 8 (сегіз) жыл – жатақхананың нысаналы мақсатын кемінде 20 (жиырма) жыл мерзімге өзгертуге тыйым салумен (құқық ауыртпалығымен) қолданыстағы объектіні реконструкциялау кезінде.
Инвестордың инвестицияларын (шығыстарын, шығындарын) өтеу – Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс есебінен.
қ-з https://fincenter.kz/investors/dormitory. Тұру төлемі төсек орын үшін 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден көп емес. Кейінгі бағаларды көтеру Тараптар арасында келісіледі.
Университеттің байланыс тұлғасы: Елжасов Рустам Науанұлы Тел +7 701 529 59 22
Әлеуетті инвесторлардың өтінімдері 22.01.2024 жылдан бастап 31.01.2024 жылға дейін күн сайын 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 үй, 1 корпус, №4 кабинет.
Әлеуетті инвесторлардың өтінімдері бар конверттерді ашу 2024 жылғы 01 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 үй, 1 корпус, №107 кабинет мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.
Қатысушылар-уәкілетті өкілдер тұлғасындағы әлеуетті инвесторлар жеке басын куәландыратын құжатты, қатысушының мүдделерін білдіруге сенімхатты немесе қатысушының бірінші басшысының лауазымына тағайындалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
Бөлісу: