2023 жылғы 17 қараша күні «PISA-2021 программалық концепциясында тұжырымдалған ақыл-ой әрекетінің объектілері ретінде – практикаға бағытталған тапсырмалардың түрлерін анықтау» тақырыбындағы семинар өтеді



    • 2023 жылғы 17 қараша күні «PISA-2021 программалық концепциясында тұжырымдалған ақыл-ой әрекетінің объектілері ретінде – практикаға бағытталған тапсырмалардың түрлерін анықтау» тақырыбындағы семинар өтеді

      2023 жылғы 17 қараша күні «PISA-2021 программалық концепциясында тұжырымдалған ақыл-ой әрекетінің объектілері ретінде – практикаға бағытталған тапсырмалардың түрлерін анықтау» тақырыбындағы семинар өтеді. «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ» «PISA зерттеулері аясында мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту әдістемесін әзірлеу» атты гранттық жоба аясында өтетін  «PISA-2021 программалық концепциясында тұжырымдалған ақыл-ой әрекетінің объектілері ретінде – практикаға бағытталған тапсырмалардың түрлерін анықтау» тақырыбындағы  семинарға  қатысуға шақырамыз.

      Семинарда практикаға бағытталған әртүрлі типтегі тапсырмалардың функционалды мүмкіндіктері қарастырылады. Бірінші типтегі есептердің шешімін табу кезінде студенттер тапсырманың аймағын танитындығы, деректерді салыстыратындығы және оларды белгілі ұғымдармен байланыстыратындығы, ал екінші типті есептерді шығару кезінде оқушылардың математикалық ой-өрісі қалыптасатындығы, дамитындығы және белсендірілетіндігі туралы қорытынды жасауға мүкіндік берген теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері талқыланады. Сонымен қатар математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту контекстіндегі тапсырмалардың түрлері мен мүмкіндіктері қарастырылады.

      Өтілетін орны: Алматы қ., Гоголь 114/1 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Бас оқу корпусы, Коворкинг орталығы.

      Тіркеу: сағат  13.30 -14.00

      Жоба жетекшісі: Нұрғабыл Дүйсебек Нұрғабылұлы, «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» физика-математика ғылымдарының докторы профессор.

      Бөлісу: