Сассекс университетінің ғылыми семинар-тренингіне қатысу үшін конкурс жариялаймыз!



    • Сассекс университетінің ғылыми семинар-тренингіне қатысу үшін конкурс жариялаймыз!

      Құрметті профессор- оқытушылар және (PhD) докторанттар!

      “Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті” КеАҚ мен Сассекс университеті арасындағы меморандум аясында университет профессор-оқытушылары мен докторанттарының ғылыми дағдыларын көтеру және ғылыми кадрларды даярлау мақсатында  2023 жылдың  шілде айының 17-25 жұлдызы аралығында Сассекс университетінің базасында өтетін “Халықаралық білім саласындағы зерттеу дағдыларын дамыту” ғылыми семинар-тренингке қатысу үшін конкурс жарияланғанын  хабарлаймыз. «Халықаралық білім саласындағы зерттеу дағдыларын дамыту» ғылыми семинар-тренингі білім саласындағы зерттеулердің әртүрлі салаларының, соның ішінде іс-әрекеттік зерттеулер мен сабақты оқытудың артықшылықтары мен қиындықтарын зерттеуге, сондай-ақ академиялық жазбаларды құрылымдау мен дамытуға және зерттеулерді қаржыландыру өтінімдерін дайындауға бағытталған.

      Ғылыми семинар-тренинг бағдарламасымен мына   сілтеме  арқылы танысуға болады. Конкурстық іріктеуге университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қазіргі докторанттары қатыса алады. профессорлық-оқытушылар құрамынан барлығы 10 адам, докторанттар арасынан 5 адам таңдалады. Байқауға қатысушылар осы форманы толтыруы қажет.

      Өтініштер 2023 жылдың 11 мамырына дейін қабылданады.

       Конкурс үміткерлеріне келесідей  талаптар қойылады

      • үміткерлер ағылшын тілінде өзі туралы және негізгі ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша 500 сөзден аспайтын мотивациялық эссе жазуы керек. Эссені 2023 жылдың 11 мамырына дейін байқауға қатысу үшін тіркеу формасын толтыру кезінде жүктеп салу қажет.
      • ағылшын тілінде еркін сөйлей білу (ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат құпталады: IELTS Academic шекті балл – кемінде 5,5). Ағылшын тілін білу деңгейін растау 2023 жылдың 11-20 мамыры аралығында өтетін әңгімелесу кезінде жүзеге асырылады.
      • үміткерлер жоғары оқу орындарының педагогикасы мен педагогтардың біліктілігін арттырудағы тәжірибеге бағытталған зерттеулермен айналысатын зерттеушілер болуы керек.
      • семинар қорытындысы бойынша әрбір қатысушы рейтингі жоғары ғылыми басылымда мақала жариялауы қажет.
      Бөлісу: