Research Methodology атты ғылыми семинарға шақырамыз



    • Research Methodology атты ғылыми семинарға шақырамыз

        Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында және 1-3 курс PhD докторанттардың  ғылыми дағдыларын көтеру мақсатында 2023 жылдың ақпан айының 3 жұлдызынан 2023 жылдың маусым айының 30 жұлдызы аралығында зерттеу әдістемесі бойынша ғылыми семинарды ұйымдастырылуда. Зерттеу әдістемесі бойынша ғылыми семинарды PhD Анар Мухтарова өткізетін болады.

      Семинар әр сейсенбі және жұма күндері сағат 10.30-12.00 аралығында Әйтиева атындағы залында өткізіледі. (Кітапхана).

      ППС құрамы мен докторанттарымызға сәттілік тілейміз!

      Зерттеу әдістемесі бойынша дәріскер туралы ақпарат.

      Анар Нұриділдәқызы Мұхтарова, PhD, Болашақ бағдарламасының түлегі

      ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері (2009 ж., 2017 ж.). 2010-2011 жылдары Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің магистратурасын «Білім саласындағы көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтайды. 2018-2022 жылдары аталмыш елде Уорик университетінің Білім саласын зерттеу департаментінің докторантурасында білім алып, осы департаментте ассистент- зерттеуші қызметін атқарған. Департаменттегі қызметі үшін «Үздік студент (қызметкер) кандидат»  номинациясының жеңімпазы атанған (Unitemps of the Year Awards 2020); студенттер мен қызметкерлер арасындағы байланыс комитетінің мүшесі және жыл сайынғы департаменттегі конференцияның мүшелік/төрағалық қызметтерін атқарған.

      Отандық ЖОО-дары (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Нархоз Университеті) және халықаралық ұйымдарда (АСПРЯЛ/АКСЕЛС Америкалық Кеңестері) жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар, 2013 ж. Анкара қаласындағы (Түркия) Йылдырым Бейазыт Университетінде, Менеджмент мектебінде және 2014 ж. Сантьяго-де-Компостела қаласындағы (Испания) Сантьяго-де-Компостела Университетінде (IDEGA институты) тағылымдамалардан өткен.

      2019 ж. «Sara and George McCune Scholarship Awards» грантының иегері, (Мичиган Университеті, АҚШ); 2020 ж. Ұлыбританиядығы Білім саласындағы көшбасшылық және менеджмент қоғамының (BELMAS) зерттеу грантының иегері.  2021 ж. Білім беру саласындағы зерттеулердің Еуропалық конференциясының (ECER) әлеуметтік стипендия иегері. Айналысатын ғылыми бағыттары: білім саласындағы көшбасшылық/менеджмент, жоғары оқу орындарындағы басқару, зерттеу/аралас әдістері.

      Бөлісу: