Институт директоры лауазымына конкурс
-
23 тамыз, 2022
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ (бұдан әрі- Қоғам) 2022-2023 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының және осыған сәйкес тұлғалардың бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қазақ тілі және әлем тілдері институты: институт директоры-1;
Жалпы біліктілік талаптары:
- Институт директоры: "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН бойынша біліктілік деңгейі 8 (8.1;8.2 деңгейшелері), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе мамандығы бойынша PhD дәрежесі, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; мүмкіндігінше білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Қоғамның қызметкері болып табылмайтын үміткер үшін:
- басшының атына өтініш;
- кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
- өмірбаяны;
- жоғары білімін растайтын диплом (қосымшасымен бірге), академиялық және ғылыми дәрежесінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін соңғы 5 жылдағы түпнұсқалары;
- соңғы 5 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда) (скриндер, патенттер және т. б.);
- ашық сабақты өткізу сапасы туралы кафедра қорытындысы;
- адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
- психиатриялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерде есепке алудың жоқтығы туралы анықтама;
- алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, флюорография суреті және санитарлық кітапша;
- жеке куәліктің көшірмесі; тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі.
- еңбек кітапшасының куәландырылған көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);
- шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (болған жағдайда);
- профессор-оқытушылар құрамының бос лауазым орындарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаны және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (электрондық түрде, көлемі 5 слайдтан аспайды).
2) Қоғамның қызметкері болып табылатын үміткер үшін:
- басшының атына өтініш;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда) және салыстыру үшін соңғы 3 жылдағы түпнұсқалары;
- шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (болған жағдайда);
- соңғы 3 жылда ЖОО-ның ғылыми хатшысымен расталған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда)(түпнұсқа);
- соңғы 3 (үш) жылда атқарылған жұмысы туралы есеп;
- профессор-оқытушылар құрамының бос лауазым орындарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаны және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (электрондық түрде, көлемі 5 слайдтан аспайды).
!!! Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (KPI нәтижелері, мінездеме және басқалар) сұратуға құқылы.
Егер Сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 2022 жылғы 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауыңызды сұраймыз.
!!! Құжаттарды hr@qyzpu.edu.kz электронды мекен-жайға немесе 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, 126-кабинет мекен-жайына жолдаңыз.
!!! Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 87477584244, 8(727) 2370037.
Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі
АНКЕТА КАНДИДАТА на вакантную должность ППС и приравненных к ним лиц (внутренний)
АНКЕТА КАНДИДАТА на вакантную должность ППС и приравненных к ним лиц (внешний)
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: