Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Республикалық олимпиада



    • Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Республикалық олимпиада

      Ұлт ұстазы Ахмет  Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Республикалық пәндік  олимпиада  өтеді!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  қазақ тілі және әлем тілдері институты 2022 жылдың 28 сәуір күні жастарға заманауи талаптарға сай жоғары білім беру дарынды балаларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы мектептерінің 11-сынып оқушылары (тек қана қыздар) арасында кемеңгер қоғам қайраткері, аудармашы, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Республикалық пәндік олимпиадаға  шақырады!

       Олимпиаданың негізгі мақсаты: қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап іріктеу және қолдау көрсету, мектеп оқушыларының ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын оятып, ұлттық білімді дамыту, дарынды жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу.

      Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен өткізіледі.

      Олимпиадаға ҰБТ-дан 80 және одан жоғары балл жинаған оқушылар қатыса алады.

      ТІРКЕЛУ

      Олимпиадаға тіркелу сілтемесі (бүгіннен бастап 24 сәуір күні түнгі 24.00-ге дейін тіркеу жүргізіледі)

      https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfTdxZqglOxAcgzMO6Jmgs9YYSCmoATlfsTqtzVe0RqA7WbUQ/viewform?usp=sf_link

       

      ЧАТҚА ҚОСЫЛУ

      Тіркеуден өткеннен кейін қосымша мәлімет алу үшін мына сілтеме арқылы wats app чатқа қосылу керек.

      https://chat.whatsapp.com/L4mpuDDR8XWLB8lL4gvmdt

       

      1. ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

      1.1. Олимпиада 3 кезеңде онлайн өткізіледі.

      1-кезең – (іріктеу) лексика-грамматикалық тест. Тест тапсыру уақыты - 1 сағат 20 минут; тест көлемі – 50 сұрақ. Алуға тиіс ұпай – 50 балл. 1 кезең қорытындысы бойынша 40 балдан жоғары ұпай жинаған оқушылар олимпиаданың 2 кезеңіне қатыстырылады.

      2-кезең – олимпиадаға қатысып жатқан пәндері бойынша ауызша тапсырмалар орындайды. Алуға тиіс ұпай – 50 балл.

      Бұл кезеңде:

      1) Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қатысушылар Zoom сессиясына жеке-жеке кіріп, тапсырмалар орындайды және сұрақтарға жауап береді: 1) кешенді тілдік талдау жасайды; 2) үзіндісі берілген көркем шығарманың атауын, авторын табады; 3) мәтінді жалғастырады; 4) мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

      2) Орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қатысушы ауызша шығармашылық тапсырмалар орындайды: берілген тақырыпқа монолог айтады (оқиды), сол арқылы ойлау және сөйлеу дағдыларын көрсетеді.

      3) Ағылшын тілі пәні бойынша қатысушы келесі жұмыстарды орындайды:

      3.1 «Magic Box». Экрандағы ұяшықтарда Ұлы Британия және АҚШ елдеріндегі білім беру, салт-дәстүрлер, спорт және мәдениет тақырыптыры бойынша сұрақтар жасырылады және әр сұраққа балл тағайындалады. Әр қатысушы таңдаған ұяшықтары бойынша сұраққа жауап беріп, балл жинайды (жоғары балл жинаған қатысушы алға шығады).

      3.2 «Word wall»: қатысушы «Білім берудегі технология» тақырыбында интерактивті сұрақ-жауаптарға жауап береді.

      3.3 «Жұлдызды сұрақ»: әр қатысушы университет қабырғасында білім беретін профессор-оқытушылар құрамының қойған сұрақтарына ауызша жауап береді.

      4) 3-кезең – Олимпиаданың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізіледі. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға жинауға тиіс 100 балдан алған баллдарына сәйкес орындар белгіленеді.

      4.1. Олимпиада сарапшылар комиссиясы дайындаған тапсырмалар бойынша жүргізіледі.

      4.2.Олимпиадаға қатысуға тілек білдірген оқушылар бекітілген үлгі бойынша тіркелуі қажет. Тіркелу сілтемесінде (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfTdxZqglOxAcgzMO6Jmgs9YYSCmoATlfsTqtzVe0RqA7WbUQ/viewform?usp=sf_link) олимпиадаға қатысушының аты-жөні, оқу орны, сыныбы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары және т.б. қажетті жеке мәліметтері көрсетіледі. Олимпиадаға қатысушы бір пән бойынша ғана тіркеліп, қатысуға құқылы.

      Сондай-ақ, оқушылардың университет, институт, кафедра парақшаларына онлайн режимінде тіркелу мүмкіндігі бар. Олимпиаданың шарттары мен қатысушылардың алған орындары, марапаттар туралы мәліметтер осы парақшаларға салынады.

       https://www.facebook.com/profile.php?id=100057091219306

       https://www.facebook.com/qyzpuedukz

      https://www.instagram.com/tv/Cb1zy59gHST/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

      Олимпиадаға тіркелу 2022 жылдың 24 сәуірі түнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасады.

      4.3. Олимпиадаға сілтеме бойынша тіркелмеген оқушылар қатыспайды.

      4.4. Олимпиадаға қатысушы жеке куәлігін экранға көрсетіп, өзі екенін дәлелдеуі шарт. Бұл талап бұзылған жағдайда оқушы олимпиадаға қатыстырылмайды.

      4.5. Олимпиадаға қатысушылар тәртіпті қатаң сақтауы тиіс.

      4.6. Әртүрлі электрондық аппараттарды (жазу кітапшасы, ұялы телефон және т.с.с.), қолдануға тыйым салынады; бұл Ереже бұзылған жағдайда оқушы, Zoom сессиясынан шығарылып, олимпиадаға қатысудан шеттетіледі.

      2. ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

      2.1. Олимпиаданың әр пәні бойынша ең үздік көрсеткішке қол жеткізген 1 оқушы жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталады және 1-ші оқу жылында ректор грантының иегері болады.

      2.2. Одан кейінгі үздік нәтиже көрсетіп, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом алған оқушылар жүлдегер атанады.

      2.2.1 ІІ дәрежелі диплом алған 1 оқушы 50% жеңілдік алады. Оны 1 (бір) оқу жылында ғана пайдалана алады.

      2.2.2 ІІІ дәрежелі диплом алған 1 оқушы 30% жеңілдік алады. Оны 1 (бір) оқу жылында ғана пайдалана алады.

      Бөлісу: