Д.И.Менделеев туған күніне орай республикалық конференция өтті



    • Д.И.Менделеев туған күніне орай республикалық конференция өтті

      АЛМАТЫ. 4 сәуір. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU-да Д.И.Менделеев туған күніне орай «Жаратылыстану ғылымдарының қазіргі заманғы жетістіктері, білім берудің өзекті мәселелері» атты дәстүрлі VIII – республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

      Қазақ ұлттық қыздар университетінің Жаратылыстану институты Химия кафедрасының ұйымдастырумен өткен конференция 4 бағыт бойынша жұмыс атқарды.

      Атап айтсақ,

      • оқушылардың ғылыми білімін қалыптастыру әдістері мен ерекшеліктері;
      • жаратылыстану саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің өзектілігі, жетістіктері мен инновация;
      • Steam білім беру – мүмкіндіктері мен болашағы;
      • жаратылыстану ғылымдарының бүгіні мен ертеңі.

      Конференцияда қазақ, орыс тілдеріндегі жұмыстар қорғалды. Офлайн форматта Алматы қаласы үшін, онлайн форматта басқа қалалардан қатысушылар үшін қатар өткен шарада ұсынылған жұмыстардың өзектілігі, шығарылған нәтижелері немесе практикалық маңызының ашылуына баса назар аударылды.

      Ғылыми-тәжірибелік конференцияға республика бойынша мектеп оқушыларынан, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінен студенттерді  жинап, 110-нан астам ғылыми жұмыстары қабылданды.

      Нәтиже бойынша әр бағытта баяндама қорғаған қатысушылар жүлделі 1,2,3 орындарымен және «Жұмыстың практикалық маңызы», «Тақырыптың өзектілігі», «Үздік баяндама» номинациялары бойынша марапатталды. 

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: